+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

2019 жылғы 17 наурыз 00:21
Бөлісіңіз:
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 17 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын болады, солтүстікте, оңтүстік-шығыста - ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Басым өңірлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстікте кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында кей жерлерде - тұман, дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT