Жексенбіде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек батыс, оңтүстік аудандарда фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Көктайғақ сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жел  күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы метріне 15-20 секундқа дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей аймақтарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар