Жексенбіде Шымкент пен Қарағандыда ауа ластануы ықтимал

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 23 маусым күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратқа сәйкес, 23 маусым - жексенбі күні Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ауа ластануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар