Жексенбіде еліміздің басым бөлігіне жауын-шашын түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет елімізде 19 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр жауады. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің батысында шаңды дауыл сақталады», - деп жазды синоптиктер.


Соңғы жаңалықтар