+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жексенбіде ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

2019 жылғы 5 мамыр 07:29
Бөлісіңіз:
Жексенбіде ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 5 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аумақтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Бұл күні республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі, ал күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Жамбыл, түнде және таңертең Алматы облыстарында кей жерлерде тұман, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT