Жексенбіде ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, жексенбіде оңтүстік және солтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын соғады. Жел күшеюі ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с болады. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м /с жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар