Жексенбіде ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың әсерінен республиканың кей жерлерінде қар жауады. Республикасының батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, желдін күшеюі күтіледі.

Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, Түркістан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23 градусқа дейін аяз болады.


Соңғы жаңалықтар