Жексенбіде Астанада бірқатар автобус бағдары шектеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қайырымдылық марафоны өткізілуіне байланысты жексенбі таңертеңнен түске дейінгі аралықта бірқатар автобус бағдары өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.

«16 қыркүйекте «Астана Марафон» спорт шарасы өткізілуіне байланысты сағат шамамен 07:00-ден 13:00-ге дейін бірқатар автобустың қозғалыс бағдары өзгереді», -делінген елордалық компанияның Фейсбуктегі парақшасында .

Шамамен сағат 08:30-да 37, 53, 302, 303, 308, 309 бағдарлардың бұрынғы жүру бағдары қалпына келтіріледі.

Шамамен сағат 10:30-да 5, 8, 9, 11, 13, 22, 22А, 23, 25, 44, 48, 72, 73, 80, 105, 304, 313, 315, 316 бағдарлардың бұрынғы жүру бағдары қалпына келтіріледі.

Шамамен сағат 12:00-де 2, 3, 4, 14, 20, 24, 31, 33, 41, 71 бағдарлардың бұрынғы жүру бағдары қалпына келтіріледі.

Шамамен сағат 13:00-де 10, 12, 28, 40, 46, 50, 52, 61, 104, 15, 18, 70, 102 бағдарлардың бұрынғы жүру бағдары қалпына келтіріледі.

«Бағдарлардың сызбаларын Telegram мессенджеріндегі «Астана LRT» ЖШС-ның @astrabus_bot ботынан көруге болады, немесе https://telegram.me/astrabus_bot сілтемесі арқылы өтіп, мәзірден «Марафон-16.09.2018 г.» нүктесін басып таба аласыздар.

Сондай-ақ, марафон барысында қозғалысы бұрынғы қалпына келтірілген бағдарлар жайлы ақпаратты Инстаграм жəне Фейсбуктегі парақшамыздан біле аласыздар», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, дәстүрлі Astana Marathon-2018 шарасына әлемнің 20 мемлекетінен 4 мыңға жуық адам қатысуға ниет білдірген.

Соңғы жаңалықтар