Жексенбі күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 17 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында ауаның ластануы күтілмейді.

Ал Қарағанды қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар