Жексенбі күні елордада автобус жүрмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап

6 қыркүйек, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.

Дүйсенбі күннен бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.


Соңғы жаңалықтар