+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Жексенбі күні ауа райы қандай болады

2020 жылғы 2 тамыз 01:30
Бөлісіңіз:
Жексенбі күні ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 тамыз, жексенбі күні еліміздің көп аймақтарында күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ауа райы: Дүйсенбіде елімізде күн райы ашық болады Күшті жел, қар аралас жаңбыр - жексенбіге арналған ауа райы Елімізде алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан күн жылы болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және батыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік-шығыста түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жел екпіні - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қарағаңды, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында таңертең және күндіз найзағай ойнап, жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аптап ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT