Жексенбі күні Алматыда нөсер жаңбыр жауады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда жексенбі, 3 маусымда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК филиалының  мәліметіне орай ескертеді! 

«3 маусымда күндіз Алматыда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-тан асады. Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райының өзгеруі жөніндегі ақпараттарға құлақ салуды, көшеде бағаналардан, ағаштардан, жарнамалық щиттерден, көлденең жатқан сымдардан аулақ жүруді, көлікті ағаштарға жақын қоймауды ескертті. 

Құрылыс компанияларына  қолайсыз ауа райына байланысты құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтату керектігі айтылды.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда азаматтардың хабарламасын 112 нөмірі қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар