Жексенбі күні 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 10 ақпан күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің 5 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, ауа сапасының нашарлауы Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында күтіледі. Сондай-ақ жағымсыз метеожағдай күндіз Астана, түнде Талдықорған қалаларында болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды фаторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Соңғы жаңалықтар