Жексенбі күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын, оңтүстікте найзағай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 23 м/с артады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерін тұман басып, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз найзағай болжанады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар