Жексенбі елордада 26 мың текше метрден астам қар шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні елордада қар тазалауға 1 300-ден астам техника шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«2 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмысына 1309 техника мен 1626 жол жұмысшы жұмылдырылып, 26 759 текше метр қар шығарылды (2230 рейс).

2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түні қар тазалау жұмысына 1 258 техника мен 147 жол жұмысшы жұмылдырылды.

Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 2 898 164 текше метр қар шығарылды (241513 рейс)», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар