Жексенбі елімізде ауа райы құбылмалы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжауынша, жексенбі 26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыста қатты нөсер жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде күн күркірейді, найзағай, тұман түседі, жел күшейіп, дауыл саоғуы ықтимал, бұршақ жаууы да мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде найзағай күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.
Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде жекелеген ауданында жел 15-20 м/скүшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар