Жекпе-жектің жаңа түрінен қарағандылық Архат Файзоллаұлы чемпион атанды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Нағыз Шынайы Айқас» атты жекпе-жектің жаңа түрінен қарағандылық Архат Файзоллаұлы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 6-8 мамыр аралығында «Нағыз Шынайы Айқас» бойынша әлем біріншілігі өткен болатын. Осы додада қарағандылық Архат Файзоллаұлы 65 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. 24 жастағы қарағандылық спортшы - жекпе-жектің осы түрінен Қазақстанның спорт шебері.

Айта кетейік, чемпионатқа әлемнің 12 елінен келген спортшылар бақ сынасты. Қазақстан ұлттық құрамасының атынан арнайы іріктеуден өткен 33 спортшы қатысқан болатын. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 7 күміс, 15 қола медаль бар.


Соңғы жаңалықтар