Жекешелендіру жоспарына 721 ұйым енгізілген, оның 230-ы сатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, онда жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда жекешелендіру жоспарына 721 ұйым енгізілген, оның ішінде 230-ы сатылып, тағы 50-ге жуығы тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр.

Бұл ретте активтерді баланстық құннан төмен сатуға тыйым салу, сатып алушы мен сатушының үлестес болуына жол бермеу, стратегиялық маңызды нысандарға мемлекеттік бақылауды сақтау бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр.

Осыған байланысты жаңа тәсілдер негізінде жекешелендіру тізбесін өзектендіру жүргізілді. Осылайша, Жекешелендіру жоспарына бәсекелестік ортаға беру экономикаға оң септігін тигізетін жаңа ұйымдарды енгізу ұсынылып отыр. Компаниялардың бір бөлігін «Самұрық-Қазына» қоры портфельдік компанияларының IPO арқылы нарыққа шығару жоспарланған.

Премьер-Министр Жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулерді мақұлдады.


Соңғы жаңалықтар