+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Жекешелендіру жоспары: Жыл соңына дейін 87 нысан саудаға шығарылады

2018 жылғы 2 тамыз 18:26
Бөлісіңіз:
Жекешелендіру жоспары: Жыл соңына дейін 87 нысан саудаға шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекешелендірудің кешенді жоспарына енген нысандардың 421-і сатылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, жекешелендірудің кешенді жоспарына енген 887 нысанның 502-сі сауда-саттыққа шығарылып, оның 421-і сатылды. Осы нысандардың құны 216 млрд теңгені құрады», - деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ғалымжан Ыбырайымов.

Оның ішінде 26 млрд теңгеге өткізілген 29 мүлік - республикалық меншік нысаны, 49 млрд теңгеге бағаланған 229 мүлік - коммуналдық меншік нысаны, 141 млрд теңге сомасындағы 163 ұлттық холдинг пен компания бар.

«Сонымен бірге, кешенді жоспардың 63 топ нысанының 15-сі
110,5 млрд теңгеге сатылды. Оның ішінде екеуі - республикалық меншіктің және 13-і - ұлттық холдингтердің меншігі болатын», - деді Ыбырайымов.

Оның айтуынша, биыл алғашқы жарты жылда 104 нысанды саудаға шығару жоспарланды. Іс жүзінде 89 нысан сауда-саттыққа шығарылып, 15 нысан бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды. Саудаға қойылған нысандардың ішінде 39-ы 36 млрд теңгеге сатылды.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті басшысының айтуынша, жекешелендіру процесі сату кестесіне сәйкес жүргізілуде.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін 87 нысан сауда-саттыққа шығарылады, оның ішінде республикалық меншіктегі 20 нысан мен коммуналдық меншіктегі 31 нысан, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы 36 актив бар», - деп атап өтті ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT