Жекешелендіру жоспары: 674 нысан өткізіледі
2021 жылғы 16 ақпан 10:03

Жекешелендіру жоспары: 674 нысан өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендірудің барысы жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 674 объектісін өткізу көзделген. Оның ішінде республикалық меншіктің 8 объектісі, коммуналдық меншіктің - 448, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың – 65 және Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі 153 объекті бар. Егер бас компаниялардың құрамында еншілес ұйымдар да іске асырылатынын ескере отырып, объектілердің жалпы саны 736-ны құрады», - деді министр.

1 ақпандағы жағдай бойынша 384 объект бойынша өткізудің Жол карталары әзірленді және бекітілді. Республикалық меншіктің 8 объектісін өткізу бойынша дайындық іс-шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 7 объект 2021 жылы, 1 нысан 2022 жылы сатылымға шығарылады.

«Бүгінгі күні 290 объект бойынша жол карталары әлі бекітілмеген. Олардың коммуналдық меншіктегісі – 183, ұлттық холдингтер мен компаниялардікі – 39 және Әлеуметтік кәсіпкерлер корпорацияларына тиесілі 68 нысан бар. Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына байланысты Кешенді жоспардың іске асырылуын жеделдету қажет. Ол үшін жергілікті атқарушы органдарға, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға, Ұлттық басқарушы холдингтерге және ұлттық компанияларға объектілерді өткізудің жол карталарын шұғыл түрде әзірлеуді және бекітуді тапсыруды сұраймын. Бұл ретте объектілердің басым бөлігін өткізу мерзімдері 2021 жылға жоспарлануы тиіс», - деді Е. Жамаубаев.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT