Жекешелендіру жоспары: 205 нысанды сатылымнан алып тастау ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері жекешелендіру жоспары аясында 229 нысан сатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде жалпы саны 670 нысаннан 61 млрд теңгеге 229 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Қаржы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, 68 нысан сатуға қойылды, 37 нысан қайта ұйымдастырылды және таратылды, 131 нысан сату алдындағы дайындықта тұр.

«205 нысан жаңа жеке операторлардың пайда болуына жол бермеу тұрғысынан Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның шешімімен Кешенді жоспардан алып тастауға ұсынылады. Бұл нысандар өңірлерде баламасыз әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсетеді. Бұл ретте Жекешелендірудің кешенді жоспары негізінен квазимемлекеттік сектордың 171 нысаны толықтырылады», - деді Е. Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар