Жекешелендіру жоспары: 2020 жылы 76 нысан сатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендіру жоспары 93% орындалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен 11 айда 10,1 трлн теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі камералық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 806 млрд теңге болатын бұзушылықтар ескертілді. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіріп, арттыру үшін 1 712 ұсыным берілді. Оның ішінде 1 339-і орындалды», - деді Е. Жамаубаев Үкімет отырысында.

2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ке орындалды. 2020 жылы 76 нысанды сату жоспарлануда. Оның 37-сі сатылымға шығарылды.

Сонымен бірге, жыл басынан бері 100,9 млрд теңге сомасында 8 нысан сатылды, 29 нысан сатылымда тұр.

«7 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 10 нысан жыл соңына дейін сатуға қойылады. 20 нысан бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды. 2 нысан бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау туралы ұсыныс мақұлданды» - дейді Қаржы министрі.


Соңғы жаңалықтар