USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жекешелендіру: Қазақстанда 50 млрд теңгеге 149 нысан сатылды

2021 жылғы 12 қазан 12:00
Бөлісіңіз:
Жекешелендіру: Қазақстанда 50 млрд теңгеге 149 нысан сатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 149 нысан сенімгерлік басқаруға беріліп, 7 нысан таратылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады Соңғы аптада коронавируспен сырқаттану 1,5 есе өсті - Үкімет отырысы Карантин шаралары орындалмаса оқушылар онлайн оқиды - ДСМ

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 объектіні сату көзделген.

Есепті кезеңде сомасы 50 млрд теңгеге 149 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 120 объект сатылымға қойылды. 7 объекті таратылады. Алдағы уақытта 397 объектіні өткізу керек», - деді веомство басшысы Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алу бағытында жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындыларын баяндады.

«Биылғы 9 айдың ішінде 5,7 трлн теңгенің 675 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексерулер қорытындысында 32,4 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы жіберілген хабарламаның 98% орындалды. Аудиторлық іс-шарамен 1 трлн 671 млрд теңгенің бюджет қаражаты қамтылып, 155 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT