Жекешелендіру: 2021-2025 жылдары 733 нысан сатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекешелендіру жоспары бойынша 51 млрд теңгеге 170 нысан сатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Бұл кезеңде 51 млрд теңгеге 170 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Е. Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, 108 нысан сатылымға қойылды және 13 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 382 нысанды өткізу керек.

Бұған дейін Қаржы министрі жыл басынан бері 2 765 аудиторлық іс-шара өткізілгенін және 156 млрд теңге сомасына қаржылық заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлаған еді.



Соңғы жаңалықтар