Жекешелендіру: 200-ден астам маңызды нысан тізімнен алынып тасталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік монополистердің орнына жеке монополистердің пайда болуына жол бермеу үшін коммуналдық шаруашылықтарды жекешелендіру тәсілі қайта қаралды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін және олардың сапасының нашарлауын болдырмау мақсатында жекешелендіру объектілер тізімінен жергілікті табиғи монополиялар нысаны болып саналатын және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды 200-ден астам әлеуметтік маңызы бар объектілер алынып тасталды. Осылайша, бұл объектілер мемлекеттің меншігінде қалады», - деді Ә. Қуантыров Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай объектілерді жекешелендіру туралы мәселе тек инвесторлар тарапынан мемлекет мүдделерін ескеретін шарттармен келіскен жағдайда ғана қаралуы мүмкін.

«Осылайша, Мемлекеттік мүлік тізілімінде «Табиғи монополиялар субъектілері» деген жаңа бөлім пайда болады. Аталған бөлімде жеке инвесторлар инвестициялық бағдарламасын ұсынып, нысанды сатып алуға өтінімін беру мүмкіндігі көзделетін болады», - дейді Ұлттық экономика министрі.

Бұған дейін мемлекеттік нысандарды жекешелендірудің жаңа критерийлері бекітілгенін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар