Жекешелендіру: 112 нысан сатылымға қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында 112 нысан сатылымға қойылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді министр.

Оның дерегінше, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылды.

«16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар