Жекешелендіреміз деп жоспарлаған нысандардың жартысына жуығы сатылды - министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жекешелендіру жоспарына сәйкес, 307 млрд теңгеге 367 объект сатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 669 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде 307 млрд теңгеге 367 объект сатылды және кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Е. Жамаубаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Қаржы министрінің айтуынша, 35 объекті сатуға қойылды, 62 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.

Сонымен бірге, 205 объекті сату алдындағы дайындықта тұр.

Бұған дейін Қаржы министрі қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге түскенін, бюджеттің 101 млрд теңгесі игерілмей қалғанын айтқан еді.

Оған қоса, жыл басынан бері 4,5 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.


Соңғы жаңалықтар