+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Жекеменшікке өткен Талғар аудандық ауруханасы қызметкерлерінің жайы не болмақ

2020 жылғы 27 қазан 15:05
Бөлісіңіз:
Жекеменшікке өткен Талғар аудандық ауруханасы қызметкерлерінің жайы не болмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысы Талғар аудандық орталық ауруханасы жекеменшікке берілді. Басқарушы компания қызметкерлерді жұмыстан шығармай, керісінше 2021 жылдан бастап еңбекақысын көтеруге уәде беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық аурухананың жекеменшікке өткені туралы хабарлама әлеуметтік желіде тараған болатын.

Қызметкерлердің көпшілігі жұмысынан айрылып қаламыз ба деп қауіптенген болатын. 7 қазанда Алматы облыстық қаржы басқармасы Талғар аудандық орталық ауруханасын сенімді басқаруға тапсыруға электронды тендер өткізген.

23 қазанда сауда хаттамасы бойынша «A-Class Medical» ЖШС электронды тендердің жеңімпазы болып танылған.

Аталған компанияның баспасөз қызметінде компанияның тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызмет көрсетуде тәжірибесі мол екендігін айтты.

Келісімшарт жасалған кезде сенімді басқарудың бизнес жоспары жасалған.

- Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Талғар аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық басқару құқығындағы МКК қызмет ету профилі сақталады.

- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысына дифференциалды еңбекақысын төлеу жүйесі бойынша 20%-ға өсетін болды.

- Сенімді басқару келісімшарты жарамды мерзімде барлық штаттық бірлік сақталады.

- Басқарушы компанияның атынан дәрігерлер мен орта медперсоналдың алыс-жақын шетелдерде кәсіби біліктілігін арттыру қолға алынады.

Одан бөлек меншік иесі аурухана маңындағы аймақты абаттандырып, кардиологиялық, реабилитациялық, паллиативті көмек, нефрологиялық бөлімшелерде жөндеу жұмыстарын жөндеуге міндеттеледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT