Жекеменшік оқу орындарын қолдаудың жаңа механизмі жасалуы қажет - ҚР БҒМ басшысы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жекеменшік оқу орындарын қолдаудың жаңа механизмі жасалуы қажеттігін айтты. Бұл туралы ойын ол Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясында өткізген кездесу барысында жеткізді.

Жүздесуде министр оқу ордасының оқу бағдарламасымен, стратегиясымен, мақсаттарымен танысты. Университет ұжымы министрден өздерін алаңдатып отырған бірнеше сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда, әңгіме мемлекеттің жекеменшік ЖОО деген қарым-қатынасы туралы, бизнес-оқудың өзекті мәселелері жөнінде өрбіді. Білім саласының басшысы жекеменшік оқу орындарының Қазақстандағы білім реформасында негізгі рөл ойнайтынын атап өтті. «Жекеменшік оқу орындары инновациялар мен жетістіктердің қайнар көзі болып табылады. Олар үнемі заманауи талаптардан қалмауға тырысады. Біз сол үшін ондай оқу орындарын мемлекеттік тұрғыдан қолдаудың жаңа механизмін жасауымыз керек», - деді министр. Бұл оқу орнының әлемдегі 200 үздік бизнес-ЖОО-лардың қатарына кіруді алдына мақсат етіп қойғанын естіген министр университет ұжымына діттеген ойларына жетулеріне тілектестігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар