Жекеменшік мектеп салу арқылы білім ошақтарындағы орын тапшылығын шешуге болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жекеменшік мектеп салу арқылы мектептегі орын тапшылығын шешуге болады. Бұл туралы ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин ондайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер атап өткендей, еліміздегі оқушылар саны жыл сайын артып келеді, сондықтан орта білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі - толып кеткен мемлекеттік мектептердің жүктемесін азайту, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру үшін күресте мектептер арасында салауатты бәсекелестікті дамыту.

Айта кетсек, Қазақстанда 2019-2021 жылдары 94 696 орынды 287 жекеменшік мектеп ашылды, оның 41-і Алматыда.

Алпамыс Сатыбалдиннің айтуынша, 2018 жылдан бастап жеке меншік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі заңды түрде бекітілді.

Жеке меншік мектептер үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен жан басына шаққандағы норматив айқындалды.

Әдістемеге сәйкес жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері екі компоненттен тұрады:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМБС) іске асыруға арналған операциялық шығыстар. Жаңадан іске қосылатын жекеменшік мектептер үшін ағымдағы жылға норматив орта есеппен 532 мың теңге;

- жылына жаңадан енгізілген әрбір оқушы орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар:

- құрылыс кезінде – 96 АЕК (294 мың теңге),

- реконструкция кезінде – 47 АЕК (143 мың теңге).

«Қаржы орталығының өкілі қазіргі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жатақханаларды да, жекеменшік мектептерді де салу және реконструкциялау бойынша банктік қарыздарды субсидиялау тетігі жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Сонымен қатар, инвестордың баланың мектепте болуының жақсартылған жағдайларын ұсынғаны үшін ата-ана төлемақысын алуға құқығы бар. Мемлекеттен төлеу мерзімі өткеннен кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты 20 жыл мерзімге тіркеу жалғыз шарт болады»,- деді Алпамыс Сатыбалдин.


Соңғы жаңалықтар