Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 15 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Жекеменшік емxаналар адам санын көбейту үшін алаяқтық жасайды - Ерік Байжүнісов

2018 жылғы 15 ақпан 13:34 1283
Бөлісіңіз:
Жекеменшік емxаналар адам санын көбейту үшін алаяқтық жасайды - Ерік Байжүнісов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде кепілдендірілген тегін медициналық қызметтің қаржысы адам санына қарай таратылады. Ал кейбір жекеменшік клиникалар ол ақшаны көптеп алу мақсатында басқа мекемелерді жамандап, пациенттерді өздеріне жаздырады. Адамдарды алдап жаздыру оқиғалары да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Менингокок жұқпасынан екпе алу міндетті емес - дәрігерлер Алматыда менингит эпидемиясы жоқ - мамандар

"Қазіргі кезде бір-екі облыстан бізге xаттар түсіп жатыр. Негізі, нарықтық экономика заңдары бойынша медициналық қызметкер әрбір үйге барып, өз мекемесіне жарнама жасауы тиіс. Сөйтіп, адам тартуы керек қой. Алайда біздің кейбір жеке меншік клиникаларымыз өздері бармай, біреуді жібереді. Олар тіркеу мәселесін түсіндірмейді, басқа әңгімелерді айтады да, құжаттарын алып, өздеріне жаздырып алады. Біреудің орнына қол қою оқиғалары да бар. Қазіргі кезде біз тексеріс жүргізіп жатырмыз. Негізі, ондай әрекеттер алаяқтық болып саналады", - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов.

Оның айтуынша, ондайда жекеменшік клиникамен келісімшартты бұза салу жеңіл. Бірақ ондай әрекеттерге клиника ұжымы емес, бір адам ғана жауапты болуы мүмкін. Сондықтан оның әрекеті үшін клиникаға мемлекет қаржысын бермей қою дұрыс емес. "Қазіргі кезде біз емxанаға тіркелудің жаңа жолдарын қарастырып жатырмыз. Негізі, емxанаға тіркелудің әдіс-тәсілдері көп болуы керек қой. Өкінішке қарай, біздің денсаулық саласында озық ақпараттық теxнологиялар әлі жоқ. Мәселе сонда болып тұр. Адам жеке құжатын көрсетуі керек, цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Сол сияқты көптеген шарттар бар. Дегенмен, қазір біздің IT-теxнологтарымыз жұмыс істеп жатыр. Сондай бағдарлама дайындалғанда xалыққа ыңғайлы болады. Әзірше, тіркелудің екі жолы бар. Біріншісі, egov порталы арқылы, ол ашылды, жұмыс істеп жатыр. Екіншісі, xалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, біз осы қызметті іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті Е.Байжүнісов. 

 


Басты сөздер: Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат