Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілеріне ешқандай жеңілдік жоқ - қауымдастық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы уақытқа дейін елімізде жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылған емес. Бұл жайында Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Күленова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің тәрбиешілеріміздің біліктілігін арттыруды айтып келеміз. «Өрлеу» (Ұлттық біліктілік арттыру орталығы) бар. Ал осы «Өрлеуде» біздің тәрбиешілеріміз бірде бір рет біліктілік арттырған емес. Осы жылдар бойы мемлекеттік балабақшалардың ғана тәрбиешілерін оқытып келеді. Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілеріне ешқандай жеңілдік жоқ. Сонда біз көрші мемлекеттің балаларын тәрбиелеп отырмыз ба?», - деді ол елордада ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында.

Оның дерегіне қарағанда, бүгінде елордада жұмыс істеп тұрған балбақшалардың басым бөлігі жекеменшік.

«Қаншама жеке балабақша ашылды. Өйткені, мемлекеттің өзі кезінде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру үшін бұл салаға бизнесті тартқан болатын. Ендеше, тәрбиешілерге бірдей құқық бермеске», - деді Лейла Күленова.


Соңғы жаңалықтар