Жекеменшік балабақша тәрбиешілері біліктілікті арттыру курстарымен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекеменшік балабақшаларда жұмыс істеп жатқан тәрбиешілер мемлекеттің біліктілікті арттыру курстарымен қамтылады. Бұл туралы педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балабақшаларда кадрлар даярлығының жеткіліксіз болуына біліктілікті арттыру курстарының аздығы себеп болып тұр. Келесі жылы біліктілік курстарын үш есе көбейтеміз. Атап айтқанда, жекеменшік балабақшалар мемлекеттік ұйымдар сияқты біздің балаларды тәрбиелеп жатыр. Жекеменшік балабақшаларды курстармен қамтымау дұрыс емес. Сондықтан алдағы жылдан бастап жекеменшік балабақшаларда жұмыс істеп жатқан тәрбиешілерді де мемлекеттің біліктілікті арттыру курстарымен қамту мәселесін шешеміз», - деді А.Аймағамбетов.

Осы орайда министр білім беру ұйымдарындағы сапаны көтеру аталған мәселеге тікелей байланысты екенін айтты.

«Мемлекеттік тапсырысты біз береміз. Бір жылда мемлекет 505 млрд теңгені балаларды балабақшамен қамту үшін жұмсап отыр. Осы мемлекеттік тапсырысты бергенде бірнеше жағдайды өзгертуіміз керек», - деді ведомсиво басшысы.

Осы орайда ол міндетті түрде балабақшада бейне камералардың болуы бойынша және балаларға қолайлы жағдай жасауға қатысты арнайы талаптар бекітілгенін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларда педагогтердің жүктемесін азайту жоспары туралы айтты.


Соңғы жаңалықтар