+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Жекеге өткен Тілендиев атындағы музыкалық мектептің ұжымы әкімге барды

2019 жылғы 6 қараша 02:05
Бөлісіңіз:
Жекеге өткен Тілендиев атындағы музыкалық мектептің ұжымы әкімге барды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінің ұстаздары мекеменің жекенің қолына өтіп кеткенін білмей қалғанын айтып, наразылық білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Сөздерінше, бірде-бір адам оларға мемлекеттік мекеменің жекеге өтетіні жайлы хабарламаған. Ал бүгінде 400-ден аса баланы өнерге баулып отырған ұстаздар музыка мектебі жекеге берілсе бірінші кезекте, төлемнің көтерілетініне сенімді. Ата-ананың қалтасы көтермегеннен кейін мұғалімдер жұмыстан қысқартылып, нағыз тоқырауға тап болатынына үрейлі. Өнер шаңырағының ертеңгі күніне алаңдаған 40-қа жуық саз мектебінің ұстаздары араша сұрап, Талдықорған қаласының әкіміне барды. Себебі, Тілендиев атындағы мектеп қалалық әкімдік балансында. Бірақ өнер ұжымының: «Әкім қабылдасын», - деген талабы орындалмады. Ұстаздармен әкім емес, орынбасары кездесті.


«414 бала түрлі үйірмеде білім алады. Ертең жеке қожайын келеді де, бірінші кезекте табыс табу үшін әрине, төлемді көтереді. Әлеуметтік жағынан осал балалар оны қалай төлейді. Қазір онсыз да бәрі қымбат. Содан кейін үйірмеде қысқарту басталады. Бізге киелі Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінің тендерге түсіп жатқанын тіпті, директор да айтпады. Өнер ұжымында жалпы 60 адам еңбек етеді», - дейді Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінің мұғалімі Марат Айкенов.


Педагогтар мекеменің жеке кәсіпкердің қолына өткенін аспаптарды санауға келген адамдардан білгенін айтады. Ал Талдықорған қаласының әкімдігі музыкалық мектеп түбегейлі жекеге өтпейтінін мәлім етті. Тек 15 жылға сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

«Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп әкімшілігінің келісуімен қазан айында сенімгерлік басқару бойынша тендер өткізілді. Нәтиже бойынша, «MUSIC DEVELOPMENT» ЖШС жеңімпаз ретінде танылып отыр. ЖШС-ны басқарып отырған Тілендиева Динара Нұрғисақызы», - деді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова.


Талдықорған қаласы әкімдігі мектепті сенімгерлікке беруге саз мекемесінің басшылығы ұсыныс жасағанын жеткізді. Ал мекеме ұжымы өздерінің пікірімен санаспай, шешім қабылдаған директордың жұмыстан кетуін талап етіп отыр. Ұстаздардың ашуын тудырған директор болса, қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Қоғам, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT