Жеке үйлерді газға қосу қызметі еселеп арзандайды - QazaqGaz

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеке үйлерді газға қосу қызметінің құны еселеп арзандайды. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер компания басшысына елордада газға қосу қызметі құнының арзандауы мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

«2022 жылдың 1 қаңтарына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» бәсекелестік нарыққа қатысқан болатын. Олар газды үйдің ішіне дейін қосуды қамтамасыз еткен. Олардың қызметі 1 қаңтарда тоқтаған, өйткені ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі саладағы бәсекелестікке нұқсан келтіресіңдер деген уәж айтқан. Қазіргі кезде агенттік бұл мәселеге байланысты түсіністік танытып отыр. Осы орайда «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы қайтадан осы нарықтағы қызметін жандандыруы мүмкін. Бұл ретте газды үйге тарту қызметінің құны арзандауы ықтимал», - деді С. Жаркешев.

Осы орайда ол жеке үйлерді газға қосу қызметіне төлем сомасы еселеп арзандайтынын атап өтті.

«Біздің қызметтің құны - 113 мың теңге. Ал жеке мердігерлер 400-450 мың теңге шамасында газға қосып жүр. Осы орайда бәсекелестіктің арқасында бұл қызметтің құны 3 есе арзадайды деген ойдамыз. Қазақстан бойынша бекітілген бір баға қалыптаспақ», - басқарма төрағасы.


Соңғы жаңалықтар