Жеке үй салу үшін 40 мың жер учаскесіне коммуникация тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеке үй салу үшін 40 мың жер учаскесіне коммуникация тартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін тезірек шешу үшін «Нұрлы жер» бағдарламасында жеке тұрғын үй қорынан жалдау ақысын субсидиялау тетігін қарастыру ұсынылады. Бұл үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй құрылысына қарастырылған қаражатты қайта бағыттау ұсынылып отыр. Шамамен 100 мың азаматқа қолдау көрсетіледі», - деді министр.

Оның айтуынша, аталған тетік «Отбасы банкі» арқылы жүзеге асырылады.

«Жеке құрылыс салуды ынталандыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында азаматтарға жеке құрылыс салуға бөлінетін 40 мың жер учаскесіне коммуникациялар тартылады. Қажетті құжаттарды уақытылы қалыптастырудың нақты жүйесі жасалады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар