+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған  бағдарлама керек -Айқын Қоңыров

2021 жылғы 23 маусым 13:08
Бөлісіңіз:
Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған  бағдарлама керек -Айқын Қоңыров

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы салымшылардың зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану жобасының аралық қорытындысын шығару маңызды деп санайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс депутатына құрылыс материалдарының қымбаттауынан туындаған проблемалар айтылды - Қарағанды Риддерде өрттен зардап шеккендерге жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды Жамбылда ерікті жастар мұқтаж отбасына үй салып берді

«313 мыңнан астам азаматтың арнайы шотына 1 трлн 400 млрд теңге аударылды. Олардың барлығы өздерінің зейнетақы жинағын кәделеріне жаратты. Бұл жоба тұтас экономикаға әсер етті. Бұдан 2 мегаполистегі құрылыс иелері мен банктер пайда көрді. Алайда халықтың баспанаға қолжетімділігі артқан жоқ. Мәселе жүйелі түрде шешілмеді. Тұрғын үй мәселесі ушығып кетті. Жалпы экономикалық өсімді ынталандыру бастамасы да нақты нәтиже бермеді. Керісінше, тұрғын үй мен құрылыс материалдарының бағасы шарықтауы салдарынан салаға жағымсыз әсер етіп, инфляцияның үдеуіне де ықпалы болды. Зейнетақы науқаны басталғаннан бері (2021 жылғы 1 қаңтар) Қазақстан Республикасындағы пәтер бағасы 8,3% -ға қымбаттады. 2020 жылғы мамырдан 2021 жылғы мамырға дейінгі аралықтағы өсім шамамен 22% -ды құрады», - деді А. Қоңыров Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, Монополияға қарсы агенттік бағаны реттеуге тырысуда. Алайда бағаның өсуі мемлекеттің іс-әрекетінен емес, БЖЗҚ-дан алынатын біржолғы зейнетақы жинағы таусылғанда тоқтайды.

«Дүрлікпе сұраныстың әлеуеті отандық өнеркәсіпті дамыту үшін пайдаланылмады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, отандық өндіріс табиғи шикізат болып саналатын құрылыс материалдары ресурстарында ғана басым болды. Сондықтан зейнетақы жинағымен көбінесе шетелдік жеткізушілер мен отандық делдалдар инвестицияланды. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану жобасын жалғастыра отырып, екінші кезеңде қосымша жүйелі шараларды іске қосу маңызды деп санаймыз. Ол жеке топтарға емес, бүкіл қоғамға арналуы керек. Қазақстан Халық партиясы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған «Жер үй» бағдарламасын іске қосуды қажет деп санайды», – деді депутат.

Осы орайда ол мемлекет қазақстандықтардың басым бөлігін сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс деп есептейді.

«Жер үй» жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы қажетті құрылыс материалдарының, ілеспе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамыту жөніндегі шаралармен сүйемелденуі тиіс», - деді Айқын Қоңыров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT