+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын төлемдер бір салыққа біріктірілмек

2020 жылғы 10 наурыз 15:30
Бөлісіңіз:
Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын төлемдер бір салыққа біріктірілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин: бюджетте пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді Мәжіліс 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатты мақұлдады 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансферт тартылмақ

Заң жобасының негізгі мақсаты - инвестициялар тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, салықтық әкімшілендіруді жақсарту.

Атап айтқанда, түзетулердің бірінші блогы жеке тұлғалардың салық төлеу бағытын жақсартуға бағытталған.

«Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтардың салық элементтерін өзгертпей, бір салыққа біріктіру ұсынылады. Яғни, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру және банк комиссияларын төлеу сияқты шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев.

Бұдан бөлек ол көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылып отырғандығын атап өтті.

«Бұл салық сомасының мардымсыз болуына, есептеудің күрделілігі және әкімшілендірудің айтарлықтай шығындарына байланысты», - деп түсіндірді вице-министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT