Жеке тұлғалардың банкроттығы: Азаматтар қандай шектеулерге тап болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеке тұлғалардың банкроттығын реттейтін заң жобасын таныстырған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов соттан тыс банкроттық рәсімдеген азаматтар қандай шектеулерге жолығатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соттан тыс банкроттық рәсімдегендер мынадай шектеулерге тап болатынына назарларыңызды аударғым келеді. Біріншіден, қарыз міндеттемелерінің бәрі уақыты өткен болып есептеледі. Борышкерге қарыз алу бойынша келісімдер жасауға, кепілдік және сенімгерлік білдіруге тыйым салынады. Емделу, білім алу, адам жерлеуге қатысты себептер болмаса, шетелге шығуға болмайды», - деді ол заң жобасын талқылауға арналған бейнеконференцияда.

Соттан тыс банкроттық рәсімделгеннен кейін қарыз берген банк, микрокредит ұйым немесе коллекторлық агенттік борышкерден қарызды өтеуді талап ете алмайды. Сондай-ақ, борышпен бірге есептелетін айыппұлдар мен өсімпұлдардың бәрі тоқтатылады.

«Қарыз берушіге борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынады. Сондай-ақ, айыппұл, өсімпұл және пайыздық сыйақы есептеу тоқтатылады», - деді Қайрат Миятов.


Соңғы жаңалықтар