Жеке сот орындаушылары Ирак Елекеевтің сайлануын заңсыз деп тануды сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеке сот орындаушылар Қазақстан Республикасының Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқарма төрағасын қайта сайлауды сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 шілде күні бірқатар БАҚ беттерінде ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқарма төрағасы болып Ирак Елекеевтің сайланғаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Осыдан кейін ҚР Әділет министрлігіне Президиумның бірқатар мүшелерінен Президиумды заңсыз деп тану, шешімнің күшін жою, сондай-ақ оны өткізудегі көптеген бұзушылықтарға байланысты Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының бірінші басшысының ауысуын тіркеуден бас тарту туралы өтінімдер келіп түсті. Аталған шағымдарға сүйенсек, басқарма Президиумның мүшелерін шақырмастан, күн тәртібін талқылаусыз телефон байланысымен дауыс беруді өткізбек болған. ЖСО республикалық палатасы бірінші басшының ауыстырылатыны туралы Астана қаласының Әділет департаментіне тиісті хабарлама жіберуі тиіс болатын», - делінген хабарламада.

Әділет министрлігі жауапты орган ретінде құқықтық алаң аясында барлық жеке сот орындаушылардың ұстанымын есепке ала отырып, мәселені конструктивті түрде шешуді ұсынды.

Еске сала кетсек, Ирак Елекеев Жеке сот орындаушылар палатасының басқарма төрағасы болғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар