Жеке мүлікті қайта тіркеу SMS арқылы реттеледі - Бағдат Мусин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеке мүлікті онлайн тіркеу саласындағы өзгерістерді баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын біз үшін жылжымайтын мүлікті тіркеу - басты мақсат еді. Мұнда өзіңіз білетіндей жақсы нәтижелер бар. Яғни, келісімшартты және жеке мүлікті тіркеу - бәрі онлайн. Бірақ кейін азамат көшу тірлігіне өткенде, әсіресе коммуналдық кәсіпорындармен қарым-қатынаста бірқатар қиындыққа ұшырайды екен. Мысалы, коммуналдық шоттар бұрынғы үй иесінің атына келеді. Осы бағытта тиісті жұмыс жүргіздік», - деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, қазір бұл процесс электронды түрде, SMS арқылы ретке келтіріледі.

«Мысалы, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында коммуналды төлем шотын онлайн өзгертуге, онлайн келісім бекітуге болады. Кепіл шарттарды тіркеуді ХҚО, банк пмен нотариусқа бармай-ақ, ұсыну мерзімін 3 күннен 15 минутқа дейін қысқарттық. Сондай-ақ, азаматтар үшін құрылыс компанияларынан тікелей жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу мүмкіндігін қарастырдық. Өткен жылы арнайы платформада 8 мыңнан астам сатып алу шарты рәсімделді», - деді Бағдат Мусин.

Бұған дейін Цифрлық даму министрі босанғанға дейінгі жәрдемақыны алу мерзімі 15 күннен бір сағатқа қысқарғанын айтқан еді.

Сонымен бірге, Астанада «суперЦОН» ашылады.


Соңғы жаңалықтар