Жеке меншік мектеп жұмыстан қолы босамайтын ата-аналарға жақсы болды - мектеп директоры

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкентте 11 жылдық жеке меншік мектеп ашылады. Бұл туралы «Орта білім саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: жекеменшік мектептер» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 2019 жылы төртінші тоқсанда, 3 сәуірде ашылдық. Біздің мектеп - 298 орындық, қазіргі уақытта 140 бала білім алуда. Біздің мектебіміз мемлекеттік білімді тегін береді. Оқушылар екі ауысымда оқиды. Мұндай мектеп жұмыстан қолы босамайтын ата-аналарға ыңғайлы. Мектепте балаларын таңнан кешке дейін қалдыра алады», - дейді Шымкент қаласындағы «Жас-Дарын» бастауыш мектебінің директоры Айман Бердімбетова.

Ол биылғы оку жылының басында 11 жылдық мектеп ашуға дайын екенін айтты.

«Карантиннен кейін 11 жылдық мектеп ашу туралы жоспарды ҚР Білім және ғылым министрлігіне көрсетеміз. Біздің мектебімізде бір ғана мәселе бар: мемлекеттік мектептер сияқты оқулықпен тегін қамтылмайды. Осы мәселе шешілсе дейміз. Мектеп ашылған уақыттан бері жан басына шаққандағы қаржыны алып жатырмыз. Кеткен шығынға инвестиция қыркүйек айынан бастап 96 айға төленіп жатыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар