Жеке меншік мектеп салуда қандай кедергілер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы үш айда жеке меншік мектеп салу жөніндегі 153 келісімшартқа қол қойылған. Бұл туралы «Орта білім саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: жекеменшік мектептер» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке меншік мектеп салуға қатысты мемлекеттік тапсырыс алу механизміне келсек, бәрі сәтті болып келеді. 2013 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 13 мектеп қана салынса, 2019 жылы 114 мектеп салынды. Соңғы үш айдың өзінде жеке меншік мектеп салу жөніндегі 153 келісімшартқа қол қойдық. Бұл мектептерде 104 000 бала оқитын болады. Бюджетте ақша бар, 2021, 2022 жылдарға қаржы қарастырылған», - дейді «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов.

Ол жеке меншік мектеп салуға қатысты бірқатар мәселе бар екенін айтты.

«Пандемияға байланысты әрең ашылған жеке меншік мектептер жабылып қалды. Соған байланысты білікті мамандарды жоғалтып алу қаупі бар. Мектеп құрылысын жүргізу немесе қайта жөндеу процестері қымбаттап кетті. Заң жағынан да шектеулер бар. Мысалы, жеке меншік мектептер оқулықтармен, сонымен қатар тегін тамақпен қамтылмайды. Жалпы алғанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі бір орында тұрып қалған жоқ. Мысалы, жеке меншік мектептерді қолдау мақсатында оқушылар қашықтықтан оқып жатқанына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсыры бойынша төлем тоқтап қалған жоқ. Мемлекеттік тапсырысты орналастырған кезде жемқорлыққа жол берілмейді, барлық байқау процедураларын алып тастады. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың өзі қашықтан жүзеге асырылады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар