Жеке лицензия негізінде жұмыс жасайтын сот сарапшыларының санын арттыру көзделген - Б.Ержанов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жеке лицензияның негізінде жұмыс жасайтын сарапшылардың саны көбеймек. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен өткен «Шығыс-Батыс: Сот сараптамасындағы серіктестік. Сот сараптамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы барысында Қызылорда облысының сот-сараптамалық институтының директоры Бақытбек Ержан айтты.

Маманның айтуынша, қазір Қазақстанның сот-сараптамалық жүйесі - тәуелсіз институт. Соның айқын белгісі ретінде жеке сот сарапшылық лицензия негізінде жұмыс жасайтын сарапшылардың қатары көбейіп келе жатқандығын атап өтуге болады. «Қазір Қазақстанда сот сарапшылар жеткіліксіз. 2013 жылдың 31 желтоқсанында шыққан Құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі Елбасының жарлығында аталған мәселеге баса назар аударылған. Қазірдің өзінде Қазақстанда 609 сот сарапшысы қызмет атқарып келеді. Бұл, әрине, аздық етеді. Болашақта олардың санын кезең-кезеңімен 50 пайызға дейін көбейту жоспарланып отыр. Жеке сот сарапшылық лицензия негізінде жұмыс жасайтын сарапшылардың санын көбейтуге, олардың жұмысының сапасын арттыруға, қызметін көбейтуге көп мән беріліп жатыр», - деді Бақытбек Ержан. ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалық орталығының директоры Исидор Борчашвилидің айтуынша, қазіргі таңда сот-сараптама жүйесінің алдында бірнеше талаптар туындап отыр. «Қазір заманда әсіресе, зияткерлік меншік саласында сарпатама жүйесі көп жетілдіруді талап етеді. Контрафактілік өнімдердің айналымы артып тұрған кезде біз қалайша тек тауарлық белгіні ғана сараптаймыз? Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметіне сүйенсек, контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымының салдарынан әлем экономикасы 650 млрд АҚШ долларын жоғалтады. Қазақстанның өзінде былтыр осы салада 600 қылмыс жасалса, 79 астыртын цех әшкереленді. Сарапшылар алдында селекиялық жетістіктер, коммерциялық құпия, өндіріс құпиялары, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер саласындағы сараптау жұмыстары үлкен қиындық туғызып отыр», - деді И.Борчашвили.

Халықаралық конференцияға жиналған әлемдік сарапшылар сараптаманың сапасын жақсарту, оларды халықарылық стандарттарға сәйкестендіру, сарапшылардың кәсіби деңгейін көтеру, материалдық-техникалық базаны жетілдіру туралы маңызды мәселелерді талқыға салды.

Соңғы жаңалықтар