+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Жеке куәлікті жеделдетіп жасату қанша тұрады

2018 жылғы 2 ақпан 17:13
Бөлісіңіз:
Жеке куәлікті жеделдетіп жасату қанша тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ашық мәліметтер» порталы жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру қызметіне бағалар көрсеткішін талқылауға ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары үшін жеке куәліктерді жеделдетілген тәртіппен беру қосылған құн салығын қоса алғанда бірінші санаты үшіне 1 күннің ішінде дайындау 4 мың, ал екінші санатта 3 жұмыс күнінің ішінде дайындау 2 мың теңгені құрайтын болады.

Ал облыстық маңызы бар қалалар үшін бірінші санаттағы жедел құжат дайындау үшін 3 жұмыс күніне 4 мың теңге, екінші санатта 5 жұмыс күніне 2 мың теңге төлеуге тура келеді. Ал облыстарға қарасты аудандар мен қалалардың тұрғындары 1 мың теңге төлеп, 7 жұмыс күнінің ішінде жеке кәліктерін ала алады.

ҚР Ішкі істер министрі бұйрығының бұл жобасын талқылау 16 ақпанға дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен 2 жұмыс күнінде дайындау үшін 1989 теңге (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін) төленеді. Дәл осы сомаға 4 жұмыс күннің ішінде облыс орталықтарында жеке куәлік дайын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT