+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары АӨК-ті дамыту жобасына енгізілмек

2020 жылғы 16 қыркүйек 08:37
Бөлісіңіз:
Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары АӨК-ті дамыту жобасына енгізілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары агоөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту жөніндегі ұлттық жобаға енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды Жамбылда «Егістіктен – сөреге дейін» жобасына 1 млрд теңге бөлінген СҚО-да құс тұмауына байланысты 10 елдімекен карантинге жабылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, статистика бойынша Қазақстандағы сүттің 75%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда, логистиканың және орталықтан сатып алудың жоқтығынан, сондай-ақ сақтау, бастапқы өңдеу, азықпен қамтамасыз ету және айналым қаржысының жетіспеушілігіне байланысты жеке қосалқы шаруашылықтардың (ЖҚШ) өнімінің аз ғана көлемі қайта өңделеді.

Осы мәселені шешу және ЖҚШ-дың мүмкіндіктерін шоғырландыру үшін Президенттің тапсырмасымен кооперация арқылы ауыл тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді арттыру бағытында Жамбыл облысында пилоттық жоба іске қосылды.

Үкіметтің жобалық кеңсесінің салалық менеджерлері қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуы арқылы кооперативтерді құруды тікелей қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау бойынша модельдерді пысықтауда.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі Ұлттық жобаның тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Үкіметтің жобалық кеңсесінің тәжірибесі қолданылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT