+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Жеке кәсіпкерлікті тіркеу бір сағатта іске асырылады

2019 жылғы 17 сәуір 11:39
Бөлісіңіз:
Жеке кәсіпкерлікті тіркеу бір сағатта іске асырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электрондық өтініштен кейін жеке кәсіпкерлікті тіркеу бір сағатта іске асырылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған заң жобасын талқылау кезінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаты Майра Айсина заң жобасының негізгі тұстарын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбау және бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді толығымен электрондық форматқа көшіру әрі құжаттар тізбесін оңтайландыру көзделеді. Нәтижесінде, жеке кәсіпкерлікті тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап қазіргідей бір күн емес, бір сағаттың ішінде жүзеге асырылатын болады», - деді ол.

Депутаттың сөзіне қарағанда, заң жобасында әке болуды белгілеу мен асырап алуды мемлекеттік тіркеуді алып тастау көзделген. Өйткені әке болуды белгілеу және асырап алу туралы шешім шығарған сот осы шешімді тіркеуші органға электрондық түрде жібереді.

«Бұл қағаз құжат айналымын едәуір қысқартып, бланкіге жұмсалатын шығындарды, адамдардың әртүрлі сатыға баруын азайтады. Бұған қоса, асырап алу құпиясы сақталады, себебі асырап алу/әке болуды анықтау туралы куәлік қолға берілмейді», - деді Майра Айсина.

Талқылаудан кейін палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған заң жобасы аясында зейнетақы құжаттарын рәсімдеуде өзгерістер болады.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға өткізуге болатыны айтылған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT