+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Жеке деректерді қорғау: қай салада шағымдар жиі кездеседі

2021 жылғы 13 сәуір 18:56
Бөлісіңіз:
Жеке деректерді қорғау: қай салада шағымдар жиі кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов жеке мәліметтердің таралуына қатысты адамдардар келіп түскен шағымдарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы құтқарушылары «жабайы» жағажайларда неге шомылуға болмайтынын айтты Бағдат Мусин алдағы жылдары интернет сапасы қалай болатынын айтты Ақмола облысында балық консервілері тексерілді

«Адамдар ашық түрде жеке мәліметтерін тарататын коммерциялық интернет-ресурстарға қатысты жиі шағымданады. Яғни адам ғаламтордағы іздеу желісінде өзінің аты-жөнін жазған кезде, осыған жауап ретінде сайттарға сілтемелер шығарылады. Бұл сілтемелердің ішінде азамат туралы ЖСН, даталар, туған жері, сот шешімі секілді деректер көрсетіледі. Осы орайда жалпыға ортақ ресурстарда артық деректерді жариялауға тосқауыл қою бойынша шараларды қабылдадық. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдар мен жеке интернет-ресурстарға қатысты болып отыр», - деді Р. Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар азаматтар өздерінің жеке мәліметтерінің көпшілікке қолжетімді орындарда және мессенджер чаттарында таралуына қатысты наразылық білдіріп жатады.

«Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері, коммуналдық қызметтер үйдің кіреберісінде, чаттарда борышкерлер тізімін орналастырады. Көп жағдайда бұл тізімде тұрғынның толық аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірлері көрсетіледі. Бұл жағдайларда артық деректер таралатынын байқауға болады», - деді комитет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT