+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

ЖЕЭК отырысы: Қазақстан Президенті экологиялық қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 14 қазан 18:27
Бөлісіңіз:
ЖЕЭК отырысы: Қазақстан Президенті экологиялық қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысындағы көлдер қалай тазартылады Атырауда мұнай өңдеушілер 5 гектарға 2 500 көшет отырғызады Әділет министрі қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған заңдар туралы айтты

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың климатқа қатысты күн тәртібі оған мүше мемлекеттердің экологиялық қауіпсіздік пен көміртегіне бейтарап даму бағытына көшудің жаһандық мақсаттарына бейілді екенін көрсетеді деп санайды.

Бүгінде Қазақстан парниктік газдардың қалдығын азайтуға арналған ұзақмерзімді стратегияны әзірлеу саласындағы Париж келісімінің міндеттемелерін орындау үшін белсенді жұмыс жүргізе бастады.

«2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегінен бейтараптыққа қол жеткізу Доктринасының жобасы әзірленді», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұл бағыт бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер экономикасының ерекшелігі мен құрылымын ескере отырып, күн тәртібіндегі «жасыл» экономика мақсаттарына қол жеткізу үшін үкіметтер арасындағы тәжірибе алмасу мен ықпалдастықты жолға қоюды ұсынды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT