Жедел жәрдемге жол бермеген алматылық жүргізушілер жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық полиция азаматтық белсенділік танытқан адамдардың еңбегін жоғары бағалап отыр.

Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде жарияланған құқықбұзушылық туралы материалдар, видео мен жазбалар полицияның жіті тексеруінен өтеді.

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 24, 2018 at 7:57 PST

 
«Әл-Фараби даңғылында Субару көлігі жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Бұл видео Инстаграм парақшасында жарияланды. Жүргізілген тексерудің нәтижесінде 64 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 598-бабының 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар Әуезов ауданында ДЭУ жүргізушісі аулаға көлігін кесе-көлденең қойып, жедел жәрдемнің кіруіне кедергі болған. Соның кесірінен науқас адамға дәрігерлер дер кезінде жете алмаған.

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 25, 2018 at 12:07 PST

28 жастағы жүргізуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 597-бабының 3-бөлімімен әкімшілік жазаға тартылды», - деді жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Сонымен қатар полиция Жансүгіров көшесінде қарама-қарсы жол бағытына шығып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғады.

Публикация от KRIS P ALMATY (@kris.p.official) Янв 24, 2018 at 8:08 PST

Қазір 57 жастағы ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 596-бабының 3-бөлігімен іс қозғалды. Жүргізуші өзінің кінәсін мойындады. Іс материалдары сотқа жіберілді», - деді Насырбеков.

Соңғы жаңалықтар